Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Қызылордада көбелек көбейіп кетті

2019 жылдың 24 мамыр 2019 19:33

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Соңғы күндері Қызылорда облысында көбелек көбейіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш жәндіктен табиғатқа келетін залал бар ма? Көбелектер Сыр өңіріне қайдан келді?

Осы орайда «Республикалық фитосанитариялық диагоностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің агроном-энтомолог маманы Асылхан Тосқынбайұлы одан қорқатын ештеңе жоқ екенін мәлім етті.

«Оны ошағаншы (репейница) көбелегі деп атайды. Ол далалық санатына жатқызылады. Көбелектің аталмыш түрі Қызылорда облысының екі шетіндегі Арал және Жаңақорған аудандарынан өзгесінде байқалып отыр. Ол Қызылқұм беткейінен келді деген болжам бар. Бұл көбелек мыңжапырақ, түйетікен, сарықалуен, ақбасты жусан және кейбір ағаштың жапырақтарымен қоректенеді. Ошағаншы көбелегі табиғатқа зиянсыз. Десе де, оның құрттары ауыл шаруашылығына зиян алып келуі мүмкін. Қазір бұл көбелектер біздің өңірде қорек іздеп жүр. Олардың қоныстану мерзімі сәуір мен қазан айларының аралығын қамтиды», - деді Асылхан Тосқынбайұлы.



null

Көбелектер жұмыртқа салып тұрақтап қалған жағдайда кейбір жеміс ағаштары мен гүлдер зиян шегуі мүмкін. Сондықтан бұл бағытта тиісті орындарға ұсыныс хаттар жолданған.

Қазір Қызылорда облысында ылғалды-желді ауа райы сақталып отыр. Алдағы уақытта аймақта аптап ыстық болып жатса, олардың басқа жаққа қоныс аударуы ғажап емес.

Жоғары қарай