Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Қызылордада көктайғақта 15 жолаушысы бар автобус аударылып қалды

2019 жылдың 30 қаңтар 2019 22:04 856

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада көктайғақ салдарынан 15 жолаушысы бар бағдарлық автобус аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш оқыс жағдай облыс орталығынан қалаға қарасты Талсуат елді мекеніне барар жолда орын алды.

«Автобуста болған 15 жолаушыға медициналық мекемеде алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлайды Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, бүгін көктайғақ салдарынан қала іргесіндегі Белкөлден Қызылордаға бет алып келе жатқан КаМАЗ көлігі Жаппасбай батыр мен Сұлтан Бейбарыс көшелері қиылысындағы көпір астындағы темір қоршауға соғылды. Көлік жүргізушісі қалалық ауруханаға жеткізілді.

Естеріңізге сала кетелік, бүгін көктайғақ салдарынан зардап шеккен 70 адам аурухана қызметіне жүгінгенін хабарлаған едік. 

 

Фото: www.instagram.com/zellokyzylorda

Жоғары қарай