Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Қызылордада көлік қаққан адам көз жұмды

2019 жылдың 13 наурыз 2019 20:03 805

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласына қарасты Махамбетов ауылында көлік қағу салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш оқиға «ВАЗ-2114» автокөлігінің қатысуымен орын алған. Жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам мерт болды. Күдікті тұлға ұсталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

 

 

Жоғары қарай