Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Қызылордада көне әдеби мұралар көшірмесі қойылған көрме өтті

2019 жылдың 31 наурыз 2019 22:57

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында шетел архивтері мен кітапханаларынан жеткізілген ұлтымыздың көне әдеби мұралары қойылған кітап көрмесі болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш іс-шара «Архив-2025» бағдарламасы аясында қолға алынып отыр. Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен өткізілген көрме Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ұйымдастырылды.

Көрмеге шетел архивтері мен кітапханаларынан әкелінген ұлтымыздың әдеби құнды мұралары қойылған. Оның ішінде Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік», Махмут Қашқаридың «Диуани Лұғат ат түрк», Ахмед Иүгінекидің «Хибатул хақайық», Әл-Ферғанидің «Астрономия», Әбу Райхан Әл-Бирунидің «Медицина» туралы еңбектері және «Қорқыт Ата кітабының» Дрезден мен Ватикан нұсқаларының көшірмелері бар.

Ұлы далада бабаларымыз жазған бұл кітаптардың әлемдік өркениет пен ғылымға қосқан үлесі орасан. Атап айтқанда, Әл-Ферғанидің (798-861 ж.) астрономия ілімі туралы еңбегі Еуропа ғылымының дамуына әсер еткен. Ал, Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» кітабында ұлттық болмысымыз, салт-дәстүріміз, мемлекеттік жүйеміз көрсетілген.

«Жүсіп Баласағұн ауызша тараған деректің уақыт өткен сайын өзгеріп түрленетінін, ал жазылған мәліметтің қанша ғасыр өтсе де мазмұны жоғалмайды. Біз көрмеге қойып отырған кітаптар - көне дәуірден жеткен тарихи құнды жәдігерлер, әлемдік өркениет пен ғылымға зор үлес қосқан еңбектер. Бұл құнды дүниелер Ұлы Далада өмір сүрген біздің бабалардың қолынан шыққан. Бүгінде аталмыш кітаптар шетелдердің архивтері мен кітапханаларында сақтаулы тұр. Көшірмелерін әкеліп, халықтың назарына ұсынып отырмыз. Мақсатымыз - бабадан қалған құнды мұралар арқылы тарихи тамырымыз тереңде екенін көрсетіп, жас ұрпақтың санасын ояту, рухани тұрғыда жаңғырту», - деді Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының «Атамекен» бөлімінің басшысы, PhD доктор Бекарыс Нұриман.




null

Жоғары қарай