Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Қызылордада құрғақ түйе сүтін өндіру қолға алынбақ

2020 жылдың 26 қаңтар 2020 08:35

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданында құрғақ түйе сүтін өндіру ісі жүзеге асатын болады. Бүгінгі таңда ауданда түйе сүтін қабылдау пункттерін құру жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай орын ауданға қарасты Аралқұм елді мекенінде ашылды. Бастамашы - жергілікті тұрғын Болат Жаңабаев. Жергілікті кәсіпкер өткен жылы осы істі қолға алуға бел буып, сүт қабылдау пунктін ашу бағытында Алматы қаласындағы «Нар» ЖШС-мен келіссөз жүргізген. Нәтижесінде аталған ЖШС-нің өкілі Ғалым Капу Аралқұм ауылына арнайы құрылғыларды жеткізіп, шикі түйе сүтін қабылдауды бастап кетті. Атап өту қажет, жергілікті жерден жиналған сүт арнайы салқындатқыш қондырғысы бар автокөлікпен құрғақ сүт өндіру зауытына жөнелтіледі. Өндірілген өнім алыс-жақын шет елдерге экспортталады.

Қазіргі таңда қабылдау орнында 3 сүт құятын цистерна, 10 сүт сауғыш арнайы аппарат, 3 электр қуатын беретін және сүт құрамын тексеретін аппарат пен қосымша ыдыстар орналастырылған. Түйе сүтін қабылдау пункті толығымен күшіне енсе, бес адам тұрақты жұмыспен қамтылады.


Жоғары қарай