Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Қызылордада күйшілер байқауы өтті

2019 жылдың 9 шілде 2019 22:45 1069

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында  А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде дәулескер күйші Әлшекей Бектібайұлы, Құрақтың Досжаны және Шал Мырзаның күйлерін насихаттауға арналған «Ғасырлар пернесі» атты облыстық күйшілер байқауы   өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш мәдени шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ол Жастар жылы, мен ұлттық домбыра күніне орайластырылды. Аталмыш шара барысында Қармақшы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласынан барлығы 8 өнерпаз күмбірлете күй төкті. Осылайша өнерпаздар Сыр бойы күй өнерінің озық үлгісін көрсетті.

null 

Мәдени шарада ертеде күмбірлете күй төккен Әлшекей Бектібайұлы, Құрақтың Досжаны, Шал Мырза шығармаларынан өзге, Жалдыбай, Жантөре күйшілердің және Арқа, Маңғыстау, Қаратау өңірлерінің күй қазынасы көрермен назарына ұсынылды.

Қазылар алқасының шешімімен байқауда Сәбит Дідебаев бірінші орынды жеңіп алды. Ал одан кейінгі орындарды Данияр Совет, Мұхамеддин Көшербай мен Олжас Нариманов жеңіп алды.

Бұдан бұрын Қызылордада «Ұлы даланың сарқылмас үні» атты өнер экспедициясы өткізілгенін хабарлаған едік.

 

 

 

Жоғары қарай