Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Қызылордада латын әліпбиі жөнінде семинар өтті

2019 жылдың 20 маусым 2019 04:18

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Ахмет Байтұрсынұлы мұралары және латын әліпбиі» тақырыбында облыстық семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қолға алынды. Семинар Қазалы ауданындағы №170 орта мектеп базасында ұйымдастырылды. Оған облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, тарих ғылымының кандидаты Нұрлыбек Мыңжас, «Өрлеу» БАҰО-ның аға оқытушысы Мария Орманова, облыстық мемлекеттік архивтің құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы Жанат Алтынбаева және жалпы білім беру ұйымдарының қазақ тілі мұғалімдері қатысты.

Семинарда А.Байтұрсынұлының тіл тарихына қосқан үлесі, оның латын әліпбиі негізіндегі еңбектерін зерттеу, латын әліпбиін насихаттау бағытында мұғалімдердің шығармашылық ізденістері мен іс-тәжірибесі таразыланды. Сондай-ақ, мамандар латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін жас ұрпаққа үйрету мен оқытудың тиімді жолдары жөнінде ой бөлісті. «Тіл - тарих, тағылым» көрмесіне облыстық архив мұрағаттары және тарихи-өлкетану музей қорының мұрағаттары қойылды.

Семинарда шығармашылық іс-тәжірибесімен бөліскен №170 орта мектептің мұғалімі Айнұр Тілеуқұлованың «Бір мақсат, бір мүдде» тренингі өткізілді. Ал №266 мектеп-лицей және № 204 орта мектеп мұғалімдері Ғалия Ахметова мен Ғазиза Орымбетова интеллектуалдық шоу ұйымдастырды. Ал №70 орта мектеп мұғалімі Жанат Сисенбай «Латын әліпбиін үйренудің тиімді жолдары» тақырыбындағы коучингі,№ 25 орта мектептің қ мұғалімі Құралай Накеева, №17 орта мектеп мұғалімі Әйгерім Теңгебаеваның «Латын әліпбиіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс» тақырыбында өткізген дебаты жоғары деңгейде бағасын алды.

Семинар аясында түрлі форматта ұйымдастырылған іс-шаралар өзіндік мазмұндылығымен, шығармашылық тұрғыда ұйымдастырылуымен ерекшеленді. Латын әліпбиін жас ұрпаққа кеңінен насихаттауда кәсіби іскерлігі мен педагогикалық шеберліктерін танытып, өз іс- тәжірибесімен бөліскен шығармашыл мұғалімдер семинар соңында облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Бұдан бұрын Қызылордада студенттер көне Жанкент қалашығын зерттейтінін хабарлаған едік.

Жоғары қарай