Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Қызылордада таныстарының атына кредит алған студент сотталды

2019 жылдың 21 шілде 2019 03:20 249

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада таныстарының атынан кредит алған студент қыз сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жас қыз мұндай екі алаяқтық әрекетке барған. Алғашқысы биылғы жылдың ақпан айында болды. Оңай жерден олжа іздеген қыз танысынан ақша аударып алайын деген желеумен жеке куәлігі мен банкомат карточкасын сұрап алады. Нәтижесінде несие беретін серіктестіктің бірінен 30, екіншісінен 40 мың теңге несие рәсімдейді.

Осылайша екі мәрте алаяқтық жолмен несие рәсімдеген ол сот алдында жауап беруге тура келді. Қызылорда қаласы №2 сотының үкімімен ол үш жылға сотталды. Сондай-ақ, оған жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу міндеттелді.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Сот, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай