Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Қызылордада туризм фестивалі өтті

2019 жылдың 3 қазан 2019 08:52

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жергілікті жас өрендердің өлкені тануына үлкен үлес қосатын туризм фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Оны өткізуге облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы қолдау білдірді.

Аталмыш шара барысында ішкі және балалар мен жасөсіпірмдер арасындағы туризмді дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға назар аударылды. Сондай-ақ, фестиваль жастар арасындағы патриоттық сезімді тәрбиелеуге бағытталған.

Фестиваль «Arai sunrise» атты демалыс лагерінде өткізілді. Фестивальға 80-ге жуық 6-7 сынып аралығындағы мектеп оқушылары қатысты.

Шара барысында оқушылар Даңқ мемориалында, облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болды. Оған қоса Қызылорда қаласының сол жағалауында орналасқан Жастар орталығына барды. Сайыстың екінші бөлімінде мектеп оқушылары шығарма жазу мен сурет салудан жарысты.




Сондай-ақ, Аралда балық шаруашылығы тарихи мұражайы құнды жәдігерлермен толықты.

Жоғары қарай