Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Қызылордада түркітілдес елдердің жастары бас қосады

2019 жылдың 2 ақпан 2019 13:10

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сыр өңірінде түркітілдес елдер жастарының халықаралық фестивалі өтеді. Аталмыш шара еліміздегі Жастар жылы аясында қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түбі бір түркінің түпкі мекені саналған Сыр өңірі қашанда жоғары бағаланады. Түркі жұртының ортақ абызы - Қорқыт ата осы аймақта мәңгілік мекенін тапқан. Сондықтан түркітілдес елдер жастарының халықаралық фестивалінің маңызы зор. Аталмыш шара Қармақшы ауданы аумағында өтеді. Фестиваль маусым айына жоспарланған. Оның барысында жастар үшін маңызды іс-шаралар жүзеге асатын болады», - деді Қызылорда облыстық Жастар саясаты басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов.

Сондай-ақ Жастар жылы аясында аймақта көптеген өзге де шараларды іске асыру көзделген. Ақпан айында облыстың барлық ауданында бір уақытта Жастар жылының ашылу салтанаты өтеді. Мамыр айында ауыл жастарының облыстық слеті болады. Ал тамызда Арал ауданында лагерлердің республикалық шарасы өтпек. Бұдан бөлек, республикалық студенттік театрлар фестивалі ашылады.

Бұдан бұрын Қызылордада жастарға қызмет көрсету орталығы ашылатынын хабарлаған едік.

Еске салайық, биылғы 23 қаңтар күні Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Президент 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ұсынған болатын. Көп ұзамай Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы болып ресми түрде жарияланды.

Жоғары қарай