Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Қызылордада заңсыз жұмыс істеп келген діни бірлестік анықталды

2019 жылдың 17 наурыз 2019 20:15

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында заңсыз жұмыс істеп келген діни бірлестік анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облыстық Полиция департаменті қала аумағындағы діни бірлестіктерге тексеру жүргізді. Нәтижесінде тиісті заңдылықтарға бағынбай жұмыс жүргізген діни бірлестікті анықтады. Ол Қызылорда облыстық Әділет департаментінде ешқандай тіркеуден өтпеген.

«Аталмыш діни бірлестік басшысы мен оған қатысқан 6 адам Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 489-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға тіркелмеген діни бірлестікке басшылық жасағаны және қатысқаны үшін осындай жаза қолданылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жоғары қарай