Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Қызылордада жазасын өтеушілер аттестат алды

2019 жылдың 15 маусым 2019 21:21 841

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысындағы ЗК-169/5 қауіпсіздігі аралас мекемесінде жазасын өтеп жүрген 10 азамат орта білімі туралы аттестат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар - жасөспірім кезінде қылмыс жасап орта білім алуға үлгермей, жазасын өтеуге мәжбүр болғандар. Дегенмен ЗК-169/5 қауіпсіздігі аралас мекемесі жанында жалпы білім беретін кешкі мектеп жұмыс істейді. Жазасын өтеушілер сол мектепте оқып, аттестат алуға қол жеткізуіне болады.

Сондай-ақ, аталмыш мекеме жанында колледж де бар. Онда жазасын өтеушілер білімін жалғастырып, бір мамандық иесі атануға мүмкіндік жасалған. Қазіргі таңда 42 сотталушы газ-электр дәнекерлеуші және тігінші мамандықтары бойынша білім алып жүр. Бұл оқу орнында Қызылорда қаласында М.Ықсанов атындағы «Қызылорда құрылыс және бизнес», «Қызмет көрсету және сервис» колледждерінің ұстаздары білім береді.

«Жазасын өтеушілер осында мерзімдері біткенше белгілі бір мамандыққа ие болады. Ал, түзеу мекемесінен шыққанда өздерінің үйренген кәсібі бойынша еңбеу етуіне барлық мүмкіндік бар», - мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Дана Достанова.

 

 

Жоғары қарай