Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Қызылордада жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

2019 жылдың 9 шілде 2019 20:23 967

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда жол апаты болып, жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы облыс орталығындағы Сұлтан Бейбарыс көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында болған. Онда «Iveco» маркалы жедел жәрдем көлігі мен «Mitsubishi Galant» автокөлігі соқтығысып қалған

«Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Тергеу амалдары басталды. Екі автокөлік те  айыппұл алаңына қойылды», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне.

 

 

 

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Оқиға, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай