Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Қызылордадағы көркемсурет галереясы жаңа туындылармен толықты

2019 жылдың 8 қазан 2019 21:57

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы көркемсурет галереясы белгілі суретші Салихитдин Айтбаев тұтынған тұрмыстық және шығармашылық заттармен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш игілікті іс Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асты.

Қызылорда көркемсурет галереясы 2014 жылы ашылған. Галерея Қызылорда қаласы астана болған жылдарда салынған көне ғимаратта орын тепкен. Биыл шығармашылық үйіне белгілі қылқалам шебері Салихитдин Айтбаевтың есімі берілген еді.

Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаев 1938 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қылқалам шебері «Шопандар демалысы», «Бақыт», «Жас қазақтар», «Қонақ келді», «Ә.Әлімжанов», «Ана», «Әке», «Шопан», «Абай» портреттерін салды. Салихитдин Айтбаев Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері атанды. Ол талантты кескіндемеші, график-суретші болатын.




Көркемсурет галереясындағы шараға арнайы келген суретшінің жұбайы Ләззат Қожабекова Салихитдин Айтбаев жайында естелік айтты. Сондай-ақ, галерея қоры суретшінің картиналарымен толықты.

Бұдан бұрын Қызылордада «Домбыра-дастан» мәдени шарасы өткен болатын.

Жоғары қарай