Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Қызылордадағы орталық көше Нұрсұлтан Назарбаев құрметіне аталады

2019 жылдың 20 наурыз 2019 23:51 1417

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы Жібек Жолы көшесі енді Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі деп аталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай шешім Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХVIII сессиясында қабылданды.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов ҚР «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, облыс орталықтарындағы көшелерді қайта атау Республикалық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде жүргізілетінін айтып, облыс әкімдігінің қаулысын облыстық мәслихаттың бірлескен шешімімен бекітуді ұсынды.




«Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуында Елбасы өз рөлін абыроймен алып өтті. Ең алдымен, Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің тұрақтылығын, ынтымақтастықты қалыптастырып, Қазақстанды әлемдік деңгейде танытты. Сондықтан осы бастаманы қолдауды ұсынамыз», - деді облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов.

Өз кезегінде депутаттар Жібек Жолы көшесін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне беру туралы шешімді бірауыздан  қабылдады.

Еске салайық, бүгін ҚР Президенті міндетін уақытша атқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі орталық көшелерге ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру ұсынысын жасаған болатын. 

 

 

Жоғары қарай