Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қызылордалық балуан халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды

2019 жылдың 23 ақпан 2019 18:27

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Беларусь астанасы - Минск қаласында самбодан халықаралық турнир өтті. Аталмыш турнирде Беларусь Президентінің жүлдесі сарапқа салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық додада ел құрамасы сапында бақ сынаған қызылордалық балуан Ғалымжан Әбдірахманов қола жүлдегер атанды. Сыр саңлағы 74 келі салмақта сынға түсті.

Балуан 1993 жылы 20 желтоқсанда Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Ол самбомен қатар қазақ күресі және дзюдомен айналысады. Жастар арасында самбо мен қазақ күресінен ел чемпионы атағын жеңіп алған. Ғалымжан Әбдірахманов Қызылорда облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алады.

Бұдан бұрын қызылордалық жеңіл атлеттер әлем чемпионатына баратынын хабарлаған едік.

Жоғары қарай