Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Қызылордалық спортшы Иранда күміс жүлдегер атанды

2019 жылдың 2 наурыз 2019 13:44 1166

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық спортшы Нұрбақыт Жұмабек Иран астанасы - Тегеран қаласында (Иран) ересектер арасында өткен каратэ-до спортының киокушинкай түрінен халықаралық жарыста  күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыр спортшысы 65 келі салмақта сынға түсті. Нұрбақыт жарыс барысында бес кездесу өткізді. Алғашқы кездесуде қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Ақтық сында Иран елінің спортшысына есе жіберіп қойды.

Оны жарысқа Бауыржан Мұқанов дайындады. Айта кетейік, аталмыш жарысқа 12 мемлекеттен 800-ден аса спортшы қатысты.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Словакия астанасы Братислава қаласында каратэ-до спортынан халықаралық турнирде қызылордалық спортшылар Әсемгүл Ердәулет алтын алса, Қонысбек Әлішершәріп күміс жүлдегер атанды.

 

 

 

Автор: Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай