Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Қызылордалық жігіттер ұлттық ат спорты ойындарынан сынға түсті

2019 жылдың 18 қазан 2019 23:45

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданында жігіттер ұлттық ат спорты ойындарынан сынға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында ұйымдастырылды.

Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шиелі ауданы әкімдігінің қолдауымен өткізілген шара биыл елімізде жарияланған Жастар жылына орайластырылды.

Жігіттер сайысы аудандағы Бала би ауылының орталық стадионында өткізілді. «Жігіт сұлтаны-2019» атты облыстық жігіттер байқауына 7 ауданнан 18-29 жас аралығындағы барлығы 14 өнерпаз жастар қатысты.

Байқау барысында жігіттер 6 кезең бойынша сынға түсті. Алдымен салт-дәстүр бойынша өздерін таныстырған сайыскерлер келесі кезекте жамбы ату сайысында мергендігін көрсетті. Одан кейін қол күрес, қазақша күрес, теңге алу, аударыспақ секілді сайыстарда сынға түсті.

Байқау қортындысы бойынша бас жүлде Шиелі ауданы Бала би ауылының тұрғыны Дастан Жақыповқа бұйырды. Одан кейінгі орындарда сырдариялық Бақытжан Аңламасов пен жалағаштық Зада Нұрхаділ алды.

Бұдан бұрын Сығанақ қалашығынан алтын бұйымдар табылды







Жоғары қарай