Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Лаура Демесінова: Ел тарихындағы өте маңызды кезеңге аяқ бастық

2019 жылдың 19 наурыз 2019 22:36

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан өз тарихындағы өте маңызды кезеңге аяқ басты. Осы жылдар ішінде Республика да, онымен бірге еліміз де өсті. «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова осылай дейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің еліміздің тарихындағы өте маңызды кезеңге аяқ бастық. Осы уақыттың ішінде көптеген оқиғалар болды, біздің республика да, онымен бірге өзіміз де өстік. 1993 әлде, 1994 жылы ма екен, мен Президентті тұңғыш рет көрген болатынмын. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Талдықорғандағы алаңда мінберден сөйлеп тұрған тұсында Президентті көрсету үшін шешем мені иығына көтеріп алды. Маған Елбасы алыстан көрініп тұрса да, көз алдымда ойлы әрі ашық адам ретінде сақталып қалды», - дейді «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова.

Ол Елбасы бастаған «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып келіп, Елбасы негізін қалаған елордада тұрып жатқанын айтады.

«Мемлекет басшысына барлығы үшін рахмет айтамын! Қазақстанның аспаны ашық болсын. Нұрсұлтан Әбішұлына бәріміз де адалдық сақтап қаламыз. Біздің Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне орасан зор үлесін қосқан, әлемді мойындатқан мемлекетті өркендеткен осындай Президентіміздің болғанына қатты қуаныштымыз», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде Президенттік өкілеттігін тоқтататынын жария еткен болатын.

Жоғары қарай