Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Ләйлә Құлжанова Ғаламшардың ең сұлу келіншегі атанды

2019 жылдың 9 мамыр 2019 16:37

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейлік келіншек Ләйлә Құлжанова Universe Beauty - 2019 сұлулық байқауының Бас жүлдесін жеңіп алып, Миссис ғаламшар атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Universe Beauty-2019 Түркияның Анталья қаласында 1-8 мамыр күндері аралығында өтті. Ол ең беделді деген сұлулық, сән және таланттар байқауларының гранд-финалы. Мұнда әлемнің 30 елінен түрлі байқаулар мен фестивальдардың жеңімпаздары жиналады. Ол француздық модельер Пьер Карденнің ұйымдастыруымен өтіп, оған белгілі дизайнерлер, өнер қайраткерлері және әлемдік шоу-бизнес жұлдыздары қазылық етеді.

Семейлік Ләйлә Құлжанова бұл байқауға 2018 жылғы Әлем миссисі атағының иегері ретінде қатысты. Былтырғы жылдың соңында ол Мәскеуде өткен World Beauty - 2018 байқауына қатысып, біздің ғаламшарымыздағы ең әдемі тұрмыс құрған әйел атанған болатын.


Ләйлә Құлжанова Семей қаласында еліміздегі ең ірі банктердің бірінің бөлімшесіне басшылық етеді. Қайырымдылықпен айналысып, қоғамдық шараларға белсене қатысады. «Nur Otan» партиясы мен Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі. Былтырғы жылы түрлі сұлулық байқауларының жеңімпазы атанған болатын.







Жоғары қарай