Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Ләззат Сүлеймен елордалық әйелдердің арызын тыңдады

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 18:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен Министрліктер үйінің жанында наразылық шарасына жиналған әйелдермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Олар сенаторға тұрғын үй мәселесін шешуге және көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек алуға байланысты өз проблемалары туралы айтып берді. Л.Сүлеймен азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етіп, Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың берген тапсырмаларын орындау жөнінде мемлекеттік органдар жүргізіп жатқан жұмыстары жайында айтты», делінген хабарламада.

«Әйелдер көтерген әр мәселе жеке қаралып, тиісті мемлекеттік органдардың құзырына жеткізіледі және олардың осы мәселелер бойынша нақты шешім қабылдауын назарда ұстайтын боламын», - деді сенатор.


Басты сөздер: Парламент, Сенат, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай