Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

«Ливерпуль» футболшысы Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді

2019 жылдың 16 қазан 2019 14:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ливерпуль» футбол клубының қорғаушысы Трент Александер-Арнольд Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Бұл туралы GuinnessWorldRecords Тwitter-дегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2018/19 жылғы маусымда 21 жастағы футболшы Англия Премьер-лигасында 12 голдық пас берді. Бұл - АПЛ қорғаушыларының арасында бір маусымдағы ең үздік көрсеткіш.

Бұған дейінгі рекорд «Эвертон» намысын қорғаған Энди Хинчклифф (1994/95) және Лейтон Бэйнстерге (2010/11) тиесілі еді. Олар АПЛ-де бір маусымда 11 голдық пас берген.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай