Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

LRT жобасының «Астана банкінде» қалып қойған қаражаты қашан қайтарылады

2019 жылдың 18 желтоқсан 2019 15:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – LRT жобасының «Астана банкінде» қалып қойған қаражатын қайтару жұмысы жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана банкінен» қаражатты қайтару мәселесі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірақ, бұл бір күндік шаруа емес. Онда жер учаскесі, ғимарат, көліктер бар. Жалпы, жыл қорытындысында біз бұл істің нәтижесін айтамыз. Бұл дүние-мүліктің барлығын сот арқылы тәркілеп, сату қажет. Бұл мәселе біздің бақылауымызда тұр», - деді елорда әкімі БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол LRT жобасы аяқталғаннан кейін жолақы қандай болуы мүмкін екенін айтты.

«Бүкіл әлемде қоғамдық көлік субсидияланады. Билет құны қанша болатынына қатысты әзірше есептеу жүргізілген жоқ. Салып біткеннен кейін барлық есеп түсінікті болады», - деді Алтай Көлгінов.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі LRT құрылысын оңтайлаудың нәтижесінде шамамен 1,2 млрд доллар қаражат үнемделгенін айтқан болатын.

Жоғары қарай