Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Мәдениет министрі Абай мерейтойы туралы: Жүйелі, мазмұнды жобаларға басымдық беріледі

2019 жылдың 21 қыркүйек 2019 14:01

ЖИДЕБАЙ. Қазақпарат – Бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Семейге сапары аясында «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби- қорық-музейіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Семейге сапары барысында Қарауыл, Кеңгірбай би ауылдарына, «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби- қорық-музейіне соғып, тарихи-мәдени нысандарды абаттандыру, инфрақұрылымды реттеу және қайта жобалау жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты. Ауыл ақсақалдарымен, ұлы ақынның ұрпақтарымен кездесуде Абайдың 175 жылдығын атап өту жөнінде әңгіме болды.

«Ұлы ақынның мерейтойын атап өткенде біз ең алдымен, бір күндік шаралардан жүйелі, мазмұнды және ұзақ мерзімді жобаларға басымдық беріп, идеологиялық міндеттерді жүзеге асыруға назар аудармақпыз», - деді министр.

Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова қоғам өкілдерімен кездесу өткізіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы жайлы, онда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жайында айтып берді.

Жоғары қарай