Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Мадияр Әшкеевтың кезекті қарсыласы анықталды

2019 жылдың 25 маусым 2019 19:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Екінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеевтің (12-0,6КО ) Алматы қаласында өтетін жекпе-жегінің қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясының хабарлауынша, Қазақстанда кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізетін Мадияр Әшкеев эстониялық боксшы Павел Семжоновпен (24-11-2,9КО) қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, боксшылар Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) алғашқы шығу тегі саналатын АҚШ Ұлттық бокс қауымдастығы (NBA) чемпиондық титулына таласады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 5 шілде күні Алматы қаласында рингке қайта оралады.

Сондай-ақ, бокс кешіне Мадияр Әшкеев, Абылайхан Құсайынов, Руслан Мырсатаев, Айдос Ербосынұлы сынды қазақстандық боксшылар өнер көрсетеді.

Автор Мұхтар Қалимоллаұлы
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай