Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Магистратураға түсушілер арасында қандай мамандықтарға сұраныс көп болды

2019 жылдың 22 тамыз 2019 17:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық тестілеу орталығының директоры міндетін атқарушы Дидар Смағұлов магистратура бойынша сұраныс болмаған мамандықтарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең үлкен конкурс келесі білім беру бағдарламаларының тобы бойынша болып отыр: бірінші орында – « құқық » . Бұл жерде бір орынға талас 5,7 адамды құрады. Яғни, 134 грантқа 759 өтініш келіп түсті. Екінші орында – « филология » (бір орынға 4,2 адам). Содан кейін « халықаралық қатынастар » (бір орынға 3, 8 адам), « менеджмент және басқару » (3,3 адам), сондай-ақ « туризм » (3,1 адам). Келесі білім беру бағдарламаларының топтары сұранысқа ие болмады. Олар: « гидротехникалық құрылыс » , « биомедицина және ауыл шаруашылығын электр энергиясымен қамтамасыз ету » . Ең көп өтініш қабылданған танымал білім беру бағдарламаларының тобына « ақпараттық технологиялар » (1187 өтініш), « құқық » , « менеджмент және басқару » , « шет тілі педагогтарын даярлау » енді », - деді Дидар Смағұлов.

Оның айтуынша, апел л яцияға тест тапсырмаларының мазмұны бойынша 1580 өтініш қабылданған. Оның ішінде 346 өтініш қанағаттандырылса, 1296 өтініш қанағаттандырылмаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дидар Смағұлов осы жылдың 10-15 тамызы аралығында магистратураға түсу үшін өткізілген кешенді тестілеудің қорытындысын жариялаған болатын.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Білім, ЖОО-лар,
Жоғары қарай