Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Махмұт Қасымбеков: Қазақстанның төрткүл дүниеге танылуы Елбасының есімімен тікелей байланысты

2019 жылдың 27 наурыз 2019 18:48 712

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Болашақ бүгіннен басталады» деген ұлағат - Нұрсұлтан Назарбаевтың сая­си философиясының негізін құрайтын тұжырымдарының бірі. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Кеңсесінің басшысы Махмұт Қасымбековтің «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген мақаласында айтылған.

«Елді дамыту ісіндегі стратегиялық жос­парлау - мемлекеттік басқару мен тиімді саяси көшбасшылықтың маңызды функция­сы. Мақсаттарды айқындау, міндеттерді белгілеу, оларға қол жеткізудің тетіктері мен алгоритмін әзірлеу әрдайым мемлекет пен оның көшбасшысының айрықша құзы­реті саналады. Елбасы мұның өзара тығыз байланысты дүние екенін жақсы біледі. 

«Болашақ бүгіннен басталады» деген ұлағат - Нұрсұлтан Назарбаевтың сая­си философиясының негізін құрайтын тұжырымдарының бірі. Тұңғыш Президент жауапты саяси қайраткер және Елбасы ретін­де әрдайым уақыттан озық жүретін және келешектің көкжиегін кеңей­тетін шешім­дер қабылдап, идеялар ұсы­нып отырды. Елбасы көтерген бастамалар еліміздің XXI ғасырдағы дамуы мен жасампаздығына бағытталған өркендеудің стратегиялық бағытын айқындады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың тынымсыз зияткерлік қызметінің нәтижесінде ондаған кітаптар мен доктриналар, тұжырым­дамалық және бағдарламалық мақалалар жарық­қа шықты. Ол еліміз бен жалпы адам­заттың келешектегі келбетін қалып­тастыратын серпінді жобалар мен бағдар­ламаларға бастамашы болды», - дейді М.Қасымбеков.  

Оның атап өтуінше, Елбасы дәйекті түрде ұсын­ған стратегиялық құжаттардың бәрі басқару­шы­лардың жаңа буыны үшін бағыт-бағдар береді.

Бұл құжаттар мемлекетіміздің ұзақ мер­зімді мақсаттарының берік негізін айқындап, еліміздің XXI ғасырдағы дамуының барлық басты бағыттарына қатысты Тұңғыш Прези­денттің жаһандық көзқарасын танытады. 

«Заманауи цифрлы өркениет жағ­дайын­да халықаралық ЭКСПО-2017 мамандан­дырылған көрмесінің өткізілуі әлем­­дегі жаңа технологиялық трендтерді үйлесім­ді игеруге және оған қатысуға мүмкіндік бер­ген Қазақстанның бастамасы еді. Оған 4 мил­лионға жуық адам, соның ішінде әлем­нің 187 елінен 600 мыңнан астам турист келді. ЭКСПО-2017 елімізді және Қазақ­стан ұлттық брендін жаһандық кеңіс­тікте инновациялық тұрғыдан ілгері­летудің жаңа белесі болды.

Жаһандану үдерісінің қарқынды жүруі және мемлекеттік шекаралардың жойылуы ұлттық біртектіліктің күшейе түсуін талап етеді. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағ­­дар­ламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қамтылған идея­лар­дың негізінде ұлттың рухани-мәдени ко­дын дәйе­кті түрде зерттеу және дамыту хал­қы­мыз­дың жасампаздық әлеуетін айтарлықтай арт­тыруға жол ашады. Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру ұлттың жаһан­дық бәсекеге қабілеттілігін күшейту ісіне зор үлес қосады. Сондай-ақ бұл шара Қазақстанның әлемдік ақпараттық-мә­дени және ғылыми кеңістікке енуіне жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Жастар - келешектің басты активі. Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым көпқырлы әрі жүйелі түрде жоспарланған жастар сая­сатын жүргізді. Бұл стратегиялық тә­сіл елі­мізді әлемнің озық дамыған 30 мем­лек­етінің қатарына қоса алатын, білімі терең жас патриоттардың мықты шоғырын қалып­тас­тыруға мүмкіндік берді», - дейді ол.

Мақалада атап өтілгендей, кез келген істі бастау оңай емес. Себебі көш бастаушылар негізінен тәуекелге барып, тұманнан жол табады. Адамзат тарихында азаттық пен тәуелсіздіктің шынайы дәмін татпаған, дағдарыстар мен дүр­бе­лең­дердің шырмауынан шыға алмаған елдер көптеп кездеседі.

«Тұңғыш Президенттің саяси даналығы­ның, сарқылмас күш-қуатының, қайтпас ерік-жігері мен көрегенділік қабілетінің ар­қасында бағыт-бағдарымызды айқындап, еге­мендіктің даму жолымен нық жүріп келеміз.

Ғаламдық ауқымда ойлайтын, нақты іс­термен айналысатын, прагматик, жаңашыл­дыққа әрқашан ашық, нағыз патриот, ын­ты­мақтастыққа ұмтылатын басшы кез келген халықтың пешенесіне жазыла бермейді. 

Нұрсұлтан Назарбаев - өз заманынан оза туған, ойлары әрдайым батылдығымен және жаңашылдығымен ерекшеленіп, таңғалдыратын жаһандық деңгейдегі аса көрнекті мемлекет қайраткері.

Ол - мемлекеттік институттары берік, эко­номикалық іргетасы мықты және бел­сенді әрі өміршең қоғамы бар заманауи Қа­зақстанның негізін қалаушы әрі жасампаз тұлғасы. Еліміздің төрткүл дүниеге танылуы Нұр­сұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей бай­ланысты. Бұл - Тұңғыш Президенттің сіңір­ген зор еңбегінің жемісі. Оның алып тұлға­сына уақыт пен өмірдің өзі жоғары баға берді.

Біз Назарбаевтың дәуірімен мақтана аламыз. Бұл кезеңде ең бастысы - мемлекет­тілік­ті, тіліміз бен төл мәдениетімізді қайта жаң­­ғыр­туға мүмкіндік алдық. Сондай-ақ ер­кін ой­лауға және жаңаруға, үнемі даму мен жетілу үшін шабыт алуға, жаңа әрі одан да биік шыңдарды бағындыруға жол ашылды», - деп түйді автор.

 

 

 

Жоғары қарай