Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Мақтааралда білім күні кең көлемде аталып өтті

2019 жылдың 1 қыркүйек 2019 15:03

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов 1 қыркүйек - білім күні мерекесіне орай Мырзакент кентінде №2 Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев пен ардагер ұстаздар, ата-аналар мен мектеп түлектері қатысты.

Білім күніне орай ұйымдастырылған жиында аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндап өтті. Жаңадан мектеп табалдырығын аттаған жеткіншектерді алғашқы қадамымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Міне, бүгін дәстүрлі түрде өте бір қуанышты күн – алғашқы қоңырау, білім күні тойлануда. Ең бірінші рет мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді, олардың болашағының негізін қалаушы ардақты ұстаздарымызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңыздың отбасыңыздан береке кетпей, істеріңіз табысқа толы болсын. Бүлдіршіндеріміздің мектеп табалдырығын аттаған қадамы берекелі болып, тәуелсіз елімізді гүлдендірер, экономикасын алға сүйрер елжанды азаматтар болып жетілсін» - деді Бақыт Асанов.

Салтанатты шара соңында ата-аналар, ардагер ұстаздар, оқушылар мектеп ұжымына ыстық ықыласын білдіріп, білім күнімен құттықтады. Жиында мектеп оқушылары концерттік бағдарлама қойып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жоғары қарай