Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Мақтааралда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

2019 жылдың 12 қараша 2019 12:31

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жиын барысында қысқа мерзімді кәсіби оқуын аяқтаған 127 азаматқа куәлік салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атакент кентіндегі «Достық» мәдениет үйінде өткен шарада 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында өз кәсібін ашып, жұмыс жүргізіп жатқан азаматтарға қолдау көрсетілді. Салтанатты жиынға «Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының орынбасары Досым Асабаев пен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Әділ Жұмаділлаев, іскер азаматтар мен оқу орталықтарының басшылары және жаңадан кәсіпкер атанған азаматтар қатысты.




Аудан көлемінде ұйымдастырылған жәрмеңкеде бағдарламаның үшінші бағыты «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бойынша жұмыс күші тапшы өңірлерге көшіру арқылы жұмысқа орналастыру мәселесі қамтылды. Жергілікті тұрғындардың назарына Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлеріндегі бос жұмыс орындарының тізімі және бағдарламадан тыс ауданда жаңадан ашылған жұмыс орындары ұсынылды. Жиын барысында ағымдағы жылы көшу арқылы жұмысқа орналасқан отбасыларға, мемлекет тарапынан жасалған жағдай жөнінде таныстырылды.




Сонымен қатар, ауданда пробация есебінде тұрған азаматтарға халықты жұмыспен қамту орталығы мен аудандық пробация қызметі бірлесіп атқарған жұмыстар жүйесі түсіндірілді.




Жаңадан ашылған пробация үйінде көрсетілетін қызметтер мен пробация орталығының іс барысы туралы айтылып, аталған санаттағы азаматтарға және аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қаралған бос жұмыс орындары да ұсынылды.




Жоғары қарай