Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Мақтааралда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті

2019 жылдың 12 қараша 2019 13:10

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті. Ұлттық валюта күні қарсаңында ұйымдастырылған спорттық шараға қатысушылар шағын футбол, үстел теннисі және бильярд бойынша жарысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мақтаарал ауданының экономика және қаржы бөлімі мен дене шынықтыру және спорт бөлімдері ұйымдастырған жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қатысып, ұлттық валютамыз теңгенің ресми айналымға енгені күні қазақ елі үшін айрықша тарихи дата болғанын еске салды.




«Алғашқы теңгемізде Әбу Насыр әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай, Әбілқайыр хан, Абылай хан бабаларымыз бейнеленіп, қазағымыздың тарихы жаңғырды. Осылайша тәуелсіз еліміздің өз валютасы пайда болып, тарихтың жаңа парақтары ашылды», - деді Бейсенбай Тасболатұлы.







Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы жарыс өте тартысты өтіп, нәтиже бойынша жеңімпаздар анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған командалар мен ойыншылар аудан әкімінің арнайы дипломы және кубоктармен марапатталды.













Жоғары қарай