Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Малайзиялықтар Алматыда халал бизнесін дамытқысы келеді

2019 жылдың 17 қазан 2019 14:43

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен бизнес-конференция барысында Малайзия мен Қазақстандағы бірнеше компания ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ынтымақтастық пен іскерлік қатынастарды дамытуға арналған іс-шараға Малайзияның 13 жетекші компаниясының өкілдері келді, олардың қатарында Малайзияның сыртқы сауданы дамыту корпорациясы (MATRADE) бас директорының орынбасары Мохд Мұстафа Абдул Азиз де бар.




«Біз Қазақстанның қарқынды дамып жатқанын көріп отырмыз. Біз тек үкімет деңгейінде ғана емес, сонымен қатар бизнес саласында да ынтымақтастық орнатқымыз келеді. Бұл екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтады. Мұнда біз жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп әртүрлі саланы қамтитын кәсіп ашқымыз келеді. Біз сонымен бірге халал бизнесін дамытқымыз келеді. Қазір біз бұл бағытта әр түрлі елдермен ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Сіздерде ет бар, әсіресе қой етін атап өткім келеді. Сондай-ақ, біз қазақстандық кәсіпкерлерді өзіміздің елге шақырамыз», - деді Мохд Мұстафа Абдул Азиз.




Оның айтуынша, қазір Алматыда малайзиялық компаниялар инженерлік және сәулет қызметтерін ұсынып отыр.

«Малайзиялық кәсіпкерлер біздің елге қызығушылық танытып отыр. Себебі Қазақстан Орта Азия елдері арасында белгілі бір ерекшелікке ие екендігін көрсетеді. Мұндай кездесулер жалғаса береді деп ойлаймын. Басты кездесу белгілі бір коммерциялық қызығушылық тудырады, өйткені Қазақстан өзінің экономикалық және инвестициялық көрсеткіштері бойынша тұрақты», - деді ҚР СІМ Алматыдағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов.







Сондай-ақ, ол екі ел арасындағы ынтымақтастық туризм де дамытылатынын атап өтті.

«Малайзияда туризм жақсы дамыған. Бұл тұрғыда өте белсенді. Осы сала бойынша олар бізге белгілі бір тәжірибе мен қалыптасқан қарым-қатынасты жеткізе алады», - деді ол.

Айта кетейік, Малайзиядан келген қонақтар жеке кездесулер өткізеді. Сонымен қатар жергілікті нарықтың жұмысымен танысу үшін отандық импорттаушылар мен дистрибьютерлердің кәсіпорындарына барады деп күтілуде.










Жоғары қарай