Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Мамырда қызанақ пен қияр бағасы бірден арзандады

2019 жылдың 30 мамыр 2019 13:26 1056

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың мамырында Қазақстан супермаркеттері мен базарларында қызанақ пен қияр бағасы сәйкесінше 13,5 және 30,2 пайызға арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Energyprom.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Қияр, қызанақпен бірге осы айда жаңа піскен көкөністің де бағасы түскен. Мәселен, түйінді пияз бен сәбіздің бағасы 34,9 пайыздан 15,2 пайызға арзандаған. Десе де, қызылшаның бағасы бір айдың ішінде 8,5 пайызға, сарымсақ - 5,8 пайызға, картоп - 5,1 пайызға қымбаттаған. Қырыққабатты да тұрғындар өткен айға қарағанда 3,1 пайыз арзан бағаға сатып ала алады.

Жеміс-жидектердің ішінде бір айда лимон (2,2%) мен алма (1,4%) аздап қымбаттаған. Апельсин 3,2 пайызға арзандаса, тарының бағасы 7,6 пайызға өскен.

«Сонымен бірге, жоғары сапалы және бірінші сортты бидай ұнының бағасы бір айдың ішінде 2,1 пайызға қымбаттады. Баға жағынан макарон өнімдерінің ішінде түтік кеспе - 1,2 пайызға, лапша пен вермишель 1 пайызға артқан. Нанның бағасы да аздап (1 пайызға) көтерілгені байқалады», - дейді талдаушылар.

Сарапшылардың талдауына сүйенсек, Рамазан айына байланысты елімізде еттің бағасы көтерілген. Атап айтқанда, қой еті бір айда 3,1 пайызға, жылқы еті 2,1 пайызға, сиыр еті 1,9 пайызға қымбаттаған.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Оразаға байланысты бағаны көтермеуді, әр іс сауап болып қайтатытын айтқан еді», - делінген хабарламада.

Құс етінің қымбаттағаны байқалады: тауық саны бір айдың ішінде 1,1 пайызға, тауық еті 1 пайызға қымбаттады. Ал жұмыртқа керісінше 2,4 пайызға арзандаған. Қатырылған балықтың бағасы - 2,9 пайызға, консерві 1,9 пайызға өскен. Сондай-ақ, жазға салым судың бағасы да 1,4 пайызға өскені аңғарылған.

«Сүт өнімдерінің бағасы бір айдың ішінде 1 пайызға өсті. Ірімшік пен шикі сүттің бағасы 0,3 пайыздан 1,5 пайызға дейін арзандады», - делінген хабарламада.

 

 

Жоғары қарай