Ауа райы
Астана 32 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Маңғыстау облысында бес айда екі мыңнан астам жаңа ғимарат салынды

2019 жылдың 23 маусым 2019 18:40 718

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында биыл қаңтар-мамыр айларында жалпы сомасы 55353,3 млн теңге болатын құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы өңірдің статистика департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды tumba.kz.

Ведомствоның дерегіне сенсек, соның 34093,5 млн теңгесі баспана салуға бағытталған.

Баспана құрылысына құйылған қаражаттардың негізгі көзі ғимараттарды салушылардың өз қаражаттары болды. Олардың үлес салмағы 97,3 пайызды құрады.

Ал шетелдік құрылыс компанияларының үлесі үш пайыздан аспайды.

Жалпы, бес айда өңірде жалпы ауданы 569,3 шаршы метр болатын 2152 нысан салынды. Соның 2099-ы баспана, 53-і басқа мақсаттарда салынған ғимараттар. Соның ішінде екі балабақша ғимараты да бар.

 

 

 

 

 

 

Басты сөздер: Құрылыс, Маңғыстау облысы,
Жоғары қарай