Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Маңғыстау облысының шенеунігіне жерді заңсыз таратты деген күдікке ілінді

2019 жылдың 12 қазан 2019 11:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметтік жалғандық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түпқараған аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушыға қатысты қызметтік жалғандық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.

Ол іс жүзінде өтпеген жер комиссиясының хаттамасынан жалған үзінді көшірмелерді беру жолымен, жерді сату бойынша сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізбей немесе жалға алу құқығынсыз учаскелерді беріп келген. Оған жалпы сомасы 62 млн теңгеге 22 жеке және заңды тұлғаға жер учаскелерін таратты деген айып тағылып отыр.

«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты оның кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады», - деп қосты ведомстводан.

Жоғары қарай