Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Маңғыстауда алдағы бес жылда 18 мектеп салынады

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 14:01

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Облыста үш ауысымдағы мектеп мәселесі өзекті болып тұр. 2018 жылы олардың саны алтау болса, өткен жылы 9 мектепке жетті. Осы мақсатта алдағы уақытта 18 мектеп салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді.

Бүгінгі таңда облыста 150 мыңға жуық оқушыны қамтитын жеке, кешкі, орта және жалпы білім беретін, сондай-ақ арнайы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытатын мектептерді қосқанда 154 мектеп жұмыс істейді. Жыл сайын көшіп келіп жатқан халықтың көптігінен және мектепке қабылданатын бала санының өсуіне байланысты бүгінде үш ауысымдағы мектептер мәселесі өзекті болып отыр.

«Осы мәселені шешу мақсатында өткен жылы Ақтау қаласында 2 мектептің жанынан 320 орынды қамтитын қосымша ғимарат ашылды. Арнайы жүргізген санақтың нәтижесінде алдағы 5 жылда 72 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде. Жыл сайын 19 мыңға тарта бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылдануда. Алдағы уақытта 3 мектептің құрылысын аяқтап және жеке кәсіпкерлердің қаражаты есебінен тағы 6 мектептің құрылысын бастау жоспарға енгізілген», - дейді Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысы Асқар Сейдалиев.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі аясында Ақтау қаласында 2 мектеп пен 9 балабақшаның құжаттары әзірленіп, салынады деп күтілуде.


Жоғары қарай