Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 377.18
EUR 426.14
RUB 5.98
CNY 54.86

Маңғыстауда Амал мерекесі дүбірлеп тойланды

2019 жылдың 14 наурыз 2019 21:31 1214

АҚТАУ. ҚазАқпарат. - Амал тойы Отпан тау басында дүбірлеп тойланды.  Ақтаудан шыққан көш Отпанға жетіп,  ұлы көшті өңір басшысы  мен ел ақсақалдары қарсы алды,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көш керуені Ақ сарайға дейін жалғасты. Ал, Ақ сарай маңына құрылған сахнада «Жастар жылына» орай әзірленген театрландырылған көрністер қойылды.

Маңғыстаулықтар амалды Отпан тау  басында тойлауды дәстүрге айналдырған.  Бұл дәстүр биыл да үзілмеді.  Маңғыстау халқы биылғы амалды ерекше қарсы алды. Келген көш Ақ сарайға келіп бір тоқтады. Ал, оның маңында құрылған сахнада алтын адам,  тұмар ханшайым,  алаш зиялылары ел мен жердің иесі жастарға өсиет айтты.

Сондай ақ биылғы жылы амал мерекесіне тек қазақ елінің әр қиырынан ғана емес.  алыс жақын шет елдерден бауырластар да келді.  Алыстан жеткен ағайындар атынан Ноғай Арыстанбек Сұлтанбеков өнерін ортаға салды.

Маңғыстаудың ой қиыры мен,  қиырдан жеткен ағайынның арасында болған өңір басшысы жыл басы - Амал мерекесімен құттықтады.

Амал - ынтымақтың,  татулықтың мейрамы.  13-і күні Отпан тауға жиылатын халықтың "Бірлік отын" жағу дәстүрі бар. Биыл да бұл үрдістен жаңылған жоқ. Алау - қазақтың алмастан берік ынтымағының символы. Бұл жолы бірлік отын Ақпан ауылының жастары жақты.

«Маңғыстаудың ең биік нүктесінде бірлік отын жағу арқылы жергілікті халық елді бірлікке, ынтымаққа  шақырады.  Ел ұйтқысын артыруды көздейді.

Әз Амал,  қуаныштың бастауысың

Отпаным - Алты алаштың асқарысың

Көрісу - көрінісі татулықтың

Алашым,  босағаңа бақ дарысын» деп, жырдан шашу шашты өңірлік арнаның тілшісі Ақсындар Табылды.

 

Жоғары қарай