Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Маңғыстауда бір отбасының 5 адамы газдан уланды

2020 жылдың 14 қаңтар 2020 21:44

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫ. ҚазАқпарат – Түпқараған ауданы Аташ ауылында бір отбасының 5 адамы газға уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға қаңтардың 13-нен 14-не қараған түні болған.

МО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «103» нөміріне қоңырау сағат 00: 47-де түскен.

«Зардап шеккендердің арасында балалар да бар. Дәрігердің көмегіне 2007, 2008, 2012, 2017 жылы туған балалар және 58 жастағы әйел жүгінді. Зардап шеккендердің барлығы аудандық ауруханаға жеткізілді. Кейін барлығы да үйлеріне жіберілді»,-деді Түпқараған ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері Гүлшат Шалабаева.

Кейін анықталғандай, әжесі кетіп қалған кезде кішкентай немересі ойнап жүріп, газдың тетігін ашып тастаған.


Жоғары қарай