Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Маңғыстауда бокстан I-республикалық турнир басталды

2019 жылдың 16 қазан 2019 20:41

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін бокстан тұңғыш спорт шебері Шоқыр Бөлтекұлына арналған жасөспірімдер арасында I-Республикалық ашық турнир шымылдығын түрді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа еліміздің спортшыларынан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан елінің былғары спорт шеберлері қатысуда.

Жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілік өңірде алғаш рет ұйымдастырылды. Жарысқа 2004, 2005, 2006, 2007 жылы туған спортшылар қатысуда. Олар 34 келіден бастап 60 келіге дейін салмақ дәрежесінде күш сынасады.

«Шоқыр Бөлтекұлына арналған жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнир аудан әкімдігімен, МО дене шынықтыру басқармасы, балалар мен жасөспірімдер мектебінің, ауыл азаматтары бар. Солармен ақылдасып, ұйымдастырылып отыр»,-дейді. бас төреші Азамат Есберген.

Әп-сәтте шаршы алаңға жарыстың алғашқы жұбы шықты. Бірінші раундтан-ақ, қарсыласына ауыр соққылар жұмсап үлгерген жаңаөзендік Саламат Бекназаров айқын басымдықпен 2 кезеңде жеңіп, ширек финалға жолдама алды. 14 жасар спортшы 6 жылдан бері боксты жанына серік еткен. Осы уақытқа дейін халықаралық, республикалық додаларда топ жарған.

«Менімен шыққан қарсыласым мықты. Дегенмен аса қиын болған жоқ. Қарсы шабуыл жасап, 2 раундтың соңында жеңіп шықтым. Бұйырса, Әділбек Ниязымбетов, Бекзат Нұрдәулетов ағаларым сияқты әлем чемпионы болсам деймін»,-дейді жарысқа қатысушы Саламат Бекназаров.

Додаға еліміздің Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облысы мен Нұр-сұлтан қаласынан және Өзбекстан, Қырғызстан мемлекетінен былғары қолғап шеберлері келген. Сайдың тасындай іріктілген мықтылардың әрқайсысы жеңіс тұғырынан көрінуге лайық.

«Мен Өзбекстан Республикасы, Әндіжан өңірінің атынан қатысып тұрмын. Ақтауға бірінші рет келдім, 5 жылдан бері бокспен айналысамын. Осыған дейін Джакартада өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық чемпионатта жеңімпаз атандым. Міне, жаңа ғана өткен кездесуде 3 раундта айқын басымдықпен жеңдім»,-дейді өзбекстандық Мухамадиор Оқиолов.

Байрақты бәсеке 19 қазанға дейін жалғасады. Доданың финалдық кездесуі сенбіде өтпек. Турнир қорытындысы бойынша жеңіс тұғырынан көрінгендерге кубоктар табысталады.










Жоғары қарай