Ауа райы
Нұр-Сұлтан 9 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Маңғыстауда дзюдодан республикалық турнир басталды

2019 жылдың 19 наурыз 2019 23:15 935

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда халық батырлары «Иса Досан» жүлдесіне арналған 2002-2003, 2005-2006 жылы туған жасөспірім ұл-қыздар арасында дзюдодан 4 республикалық турнир басталды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Енді екі күн бойы елдің әр аймағынан жиналған 600-ден аса татами шебері өзара мықтыны анықтайды.

Дүбірлі додаға 10 облыстан 2002-2003 және 2005-2006 жылы туған балуандар қатысты.  Жарыстың ашылу салтанатына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев пен облыстық дзюдо федерациясының президенті Асылбек Жолдыбаев қатысып жас спортшыларға  сәттілік тіледі. 

«Жарыс жеңімпаздарына "спорт шеберіне үміткер" атағы беріледі. Ол үлкен жетістік деп ойлаймын. Жарыс сәтті өтсін. Бәрімізге тек жеңіс тілеймін»,-дейді МО Дзюдо Федерациясының президенті Асылбек Жолдыбаев.

Иса Досан атындағы 4-ші республикалық турнирге Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облысы, Қандағаш қаласынан 600-ден аса жас татами шебері келген. Ал Маңғыстау құрамасы сапында бес аудан мен екі қала және осы спорт түрлері дамыған ауылдар да өз спортшыларын әкелген.



null   

«Жарыстың ерекешелігі, өңір спортшыларын өзінің ауылдарының атынан қатыстырып жатырмыз. Мәселен, Ақшымырау, Сарға ауылдарының спортшылары бар»,-дейді МО "Жас батыр" мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов.

Жарыстың алғашқы күні 2002-2003 жылы туған балуандар татамиге шықты. Жарысты сәтті бастағандардың бірі Атырау облысның өкілі Нұрбек Сағынғалиев. 73 келіде жарыс жолына шыққан балуан Байқоңырлық қарсыласымен негізгі уақытты тең аяқтап. Қосымша уақытта иппон ұпайын иеленді.

Жарыс ертең де жалғасады. Ертең жарыс 2005-2006 жылы туған спортшылар арасында өтеді. Ал жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері осы жылы кіші жасөспірімдер арасында өтетін ел біріншілігінде де бақ сынайды.



null 

 

Автор: Ләйлім Әлім
Басты сөздер: Маңғыстау облысы, Спорт,
Жоғары қарай