Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

Маңғыстауда еріктілердің «Үйлестіру кеңесі» құрылды

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 04:00

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда өңірдегі волонтерлік топтар мен қайырымдылық ұйымдардың жетекшілерінен құрылған «Үйлестіру кеңесі» өз жұмысын бастамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы кеңейтілген отырыста Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев айтып берді.

Үйлестіру кеңесі – мүдделес топтардың басын біріктіру, өңірдегі волонтерлік қызмет саласындағы ортақ жұмыс жоспарын құру және жүзеге асуына ықпал ету, мәселелердің бірлесе шешу жолдарын қарастыру мақсатында құрылды.

Жиында айтылғандай, волонтерлік топтар мен қайырымдылық ұйымдардың көмегімен облыстағы тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі және т.б. көмекке зәру азаматтардың ортақ базасы жасақталып, олармен тиімді жұмыс жүргізудің бірыңғай жүйесін қалыптастыру жоспарланған.




Басқосуға 30-ға жуық топ пен ұйым, 90-ға жуық волонтер қатысты.

Еркін пікір алмасу форматында өткен жиында волонтерлік топ пен ұйым өкілдері өңірдегі волонтерлік қызмет саласында ақпараттандыру деңгейінің төмендігі мен мемлекеттік мекемелермен тиімді кері байланыс орнату жолға қойылмағандығы сөз етті.





Жоғары қарай