Ауа райы
Нұр-Сұлтан 13 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Маңғыстауда ірі бұршақ малды қырып кетті

2019 жылдың 25 мамыр 2019 12:51 1021

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Үштаған ауылында ірі  бұршақ жауып, өрістегі малды қырып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, 24 мамырда Маңғыстау ауданы Үштаған ауылына қатты бұршақ жауған. Куәгерлер көлемі грек жаңғағындай бұршақтардың суреттерін әлеуметтік желіге жариялады. Куәгерлердің атап өтуінше, бұршақтар өсімдіктерді жайпап, өрісте жүрген жануарларды өлтіріп кеткен. Бірнеше минуттың ішінде Үштаған ауылы қыстағы кейіпке еніп, барлық жер ағарды.

 

 

Жоғары қарай