Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Маңғыстауда «ҚазАвтоЖол» өкілі жүйелі түрде пара алды деген күдікпен ұсталды

2019 жылдың 24 мамыр 2019 14:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының облыстық филиал басшысының орынбасары мердігер ұйым өкілдерінен жүйелі түрде 1 млн теңгеден пара алып келді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» өкілі пара берген компанияларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, мемлекеттік сатып алу кезінде заңсыз лобби жасап келген. Лауазымды тұлға кезекті параны алу кезінде қолға түсіп отыр. Бұл жолы да ол міндетін толық орындамаған мердігерге айыппұл салудың орнына пара талап еткен.

Күдіктігіе қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жоғары қарай