Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Маңғыстауда ҰБТ кезінде 59 оқушы залдан шығарылған

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 22:44

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда ҰБТ-ның алғашқы кезеңінде 37 оқушы тыйым салынған заттарды алып келгені үшін тестілеуге жіберілмеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3 күнге созылған тестілеуге облыс бойынша 4986 оқушы қатысып, нәтижелерін алған. Оның ішінде 59 талапкер аудиторияда шпаргалка мен ұялы телефон қолданғаны үшін шығарылып, акт жасалған.

Сала мамандарының айтуынша, облыс бойынша тестілеуге 5171 оқушы қатысуға өтініш беріп, 89-ы келмеген. ҰБТ әділ өтуі үшін залдар толықтай бейнекамералармен жабдықталып, арнайы мониторингтік топтардың бақылауында болған.

Айта кетейік, ең жоғары ұпай - 137, ең төменгі ұпай - 2 болып тіркелді. Жалпы, өңір бойынша Жаңаөзен көш бастап тұр.


Жоғары қарай