Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Маңғыстауда жаппай төбелесте 2 жігіт пышақталған

2019 жылдың 17 қазан 2019 12:44

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында болған жаппай төбелесте 2 жігіт жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 жастағы 2 жігіт оқиға орнынан Шетпе ауылдық орталық ауруханасына жіберілген. Олар пышақтан жарақат алған.

«Екі жігіттің біреуінде кеуде тұсы мен қарын бөлігі жараланған. Оған лапаротомия, бауырдың IV сегментін тігу, іш қуысын қалпына келтіру сияқты ота жасалған. Ал, екінші жігіт бұлшықеттінен пышақ жарақатын алған. Оған алғашқы хирургиялық көмек көрсетілді», - делінген хабарламада.

Қазір екі жігіттің де жағдайы бірқалыпты.

Еске сала кетсек, Шетпе ауылында болған төбелестің видеосы әлеуметтік желіде жарияланған еді. Оқиға 13 қазан күні болған.

Жоғары қарай