Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Маңғыстаудан Арысқа 8 тонна киім жіберілді

2019 жылдың 5 шілде 2019 08:29

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Арыс жұртшылығына қолдау көрсету мақсатында арнайы гуманитарлық көмек жинау пунктілері ашылып, 8 тонна киім жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр Отан» партиясының облыстық, аудандық филиалдарында, сонымен қатар «Жастар» ресурстық орталықтарында, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Қоғамдық келісім» және «Біз адамбыз-Біз біргеміз» қайырымдылық қоры базасында арнайы гуманитарлық көмек жинау пунктілері ашылды. 8 тонна киім, 6 тонна азық-түлік жиналып, алғашқы гуманитарлық жүк 27 маусым күні темір жол арқылы жөнелтілді. Оның ішінде азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, жеке гигиена құралдары және бірінші кезекте қажетті заттар қамтылған. Бұл шаралар әлі де жалғасын табуда.

Айта кетейік, облыстың мемлекеттік қызметшілері, дәрігерлері мен мұғалімдері, мұнайшылар мен ірі кәсіпорындары жарылыс салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде бір күндік жалақысын аударды.

Жоғары қарай