Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Маңғыстаудың Ақшұқыр-2 ауылына газ құбыры тартылады

2019 жылдың 13 қыркүйек 2019 20:15

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Түпқараған ауданы Ақшұқыр-2 ауылының тоғыз жүзге жуық тұрғын үйіне газ құбыры тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте аудан әкімі Айдос Хамиев мәлімдеді.

Жыл соңына дейін құны 736 млн теңге болатын Ақшұқыр-2 ауылының 1,2,3,4 орамдарындағы жалпы 898 тұрғын үйді газбен жабдықтау жұмыстары аяқталмақ. Қазір тиісті жұмыстар басталған.





Сонымен қатар, көптеген жылдардан бері көтеріліп келе жатқан Ақшұқыр ауылындағы Бегей тұрғын үй алабына газ тарту жұмыстары басталған. Бегей тұрғын үй алабынан 100 үйді және Ақшұқыр ауылының газ жүйесі жоқ көшелерін газбен жабдықтау бойынша 564,8 млн теңге бөлініп, жұмыс басталған.

«Сонымен қатар, Сайын Шапағатов ауылының жаңа 6 кварталында 1312 участокке газбен тарту бойынша «СМК-4» мекемесімен 2,2 млрд. теңгеге келісім-шарт жасақталды»,-деді Айдос Хамиев.

Бұдан бөлек, Түпқараған ауданы тұрғындары толығымен ауыз сумен қамтамасыз етілген,-деді аудан әкімі. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 1,4 млрд. теңге несие бөлініп, Форт-Шевченко қаласы мен Баутино ауылына ауыз су құбырын тарту жұмыстары жүргізіле бастаған.

Ақшұқыр ауылынан ұзындығы 40 шақырым, Сайын Шапағатов ауылынан 53 шақырым болатын ауылішілік су құбырының құрылысы жүргізілуде. 2 жоба бойынша да мердігер мекеме - «СК ТрансКомСтрой» ЖШС. Келісімшарт құны - 1,2 млрд. теңге. 1650 үйді қамтитын жобаны биыл аяқтап, тапсыру жоспарланып отыр.

Таушық ауылындағы 20,7 шақырымдық ауылішілік су құбырының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.

Жоғары қарай