Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Маңғыстаулық кәсіпкер 3 отбасына үй салып берді

2019 жылдың 25 желтоқсан 2019 21:45

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында әлеуметтік аз қамтылған 3 отбасы баспаналы болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» жобасы аясында түпқарағандық кәсіпкер өз ауылына осындай сый жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тоғыз жыл тұрғын үй кезегінде тұрған отбасы бүгін армандаған пәтеріне қол жеткізіп, қоныс тойын тойлауда. Үш баланың анасы Роза Сембай басыбайлы баспанасына жаңа жыл алдында кіргеніне дән риза. Осыған дейін үй жалдап, күн көрген жалғызбасты ана толқынысын жасыра алмады.







«Жаңа жылға маған үлкен сыйлық болды. Балаларым қуанышты. Бала-шағам аман болсын, ішінде той болсын»,-дейді Роза Сембай.

Тұрғын үй бар жоғы бір жылдың ішінде тұрғызылған. 500 шаршы метр аумақты құрайтын үй 4 бөлікке бөлінген, әрқайсысында 3 бөлмеден бар. Баспана әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға берілді. Түпқарағаннан түлеп ұшқан меценат өз қаржысын жұмсап, қайырымдылық жасағанын азаматтық борышы деп біледі.

«Біраз уақыт бұрын жағдайы төмен отбасыларға Ақтау қаласынан келіп, пәтер жалдап беріп тұратынмын. Қайта-қайта жалдап бергеннен гөрі салып берейінші деген ойға келдім. Жетім көрсең жебей жүр деген»,-дейді кәсіпкер Иса Бимырзаев.

Барлық пәтер жабдықталып, тұрмыстық техника және үй жиһаздарымен қамтамасыз етілген.





Жоғары қарай