Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Маңғыстаулық шенеунік әйел шетелдіктерден жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді

2019 жылдың 26 қыркүйек 2019 12:02

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі бірнеше мәрте пара алғаны үшін Маңғыстау облысы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол облыс аумағында еңбектеніп жүрген шетелдік азаматтарға еш кедергісіз виза беру және оның мерзімін ұзарту үшін шетелдік компания өкілдерінен жүйелі түрде 500-ден 1000 АҚШ долларына дейін пара алды деп күдікке ілініп отыр.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдікті ұсталып, Ақтау қаласы уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Күдіктіге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Жоғары қарай