Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Маңызды 10 бағыт: СҚО-да 28 мың адам жұмысқа орналастырылады

2019 жылдың 20 маусым 2019 17:20

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында өңірдің 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барлық салалар бойынша оң өсім байқалады.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аграрлық сектордағы көрсеткіш 2,4%, өнеркәсіпте 5,1%, инвестиция көлемі 18,6% артқан. Дегенмен, өңір басшысының пікірінше әлі де қарқын қосу керек.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың табысын ұлғайту бойынша тапсырма берді. Бізге экономиканы дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану керек. Ауыл шаруашылығын одан сайын әртараптандырып, бидай-бұршақ дақылдарын көбейту керек. Бұл салаға мемлекеттің қолдауы күшті», - деді Құмар Ақсақалов.


null

Тұрғындарды жұмыспен қамту - басты бағыттардың бірі. Жыл басынан бері облыста 6 мыңға жуық жұмыс орны пайда болды. Жыл соңына дейін тағы 12 мыңы ашылады, 28 мың адам еңбекпен қамтылады.

Баспана мәселесі де өзекті тұр. Биыл өңірде 2245 пәтер салынады. 8300 адам жаңа қонысқа көшеді. 126 көп балалы отбасы да пәтер кілттеріне ие болады.

Мамандардың айтуынша, қазір СҚО-да 19443 адам пәтер кезегінде тұр. Ал «7-20-25» бағдарламасы арқылы 408 пәтер сатылған.

Еске сала кетейік, 12 маусымда өткен ұлықтау рәсімі барысында Қасым-Жомарт Тоқаев он маңызды бағытын жариялаған болатын.

Жоғары қарай