Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Марат Ахметжанов Арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысы туралы айтты

2019 жылдың 20 қараша 2019 13:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Осы жайында іске қатысты толық бағалауды алдын ала тергеу айқындайды. Сондықтан тек сот қана осы әрекеттерге адамның кінәлі немесе кінәлі еместігіне қатысты үкім шығарады. Осы фактілердің барлығы тексеріліп, тиісті құқықтық бағалау жасалады. Сондықтан соңғы шешім шығарылғаннан кейін барлық фактілер бойынша түсінік беріледі. Осыған сәйкес тергеу барысының мән-жайын жария ете алмаймын», - деді Ахметжанов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол Олеся Кексель қызметінен өз еркімен кеткенін нақтылады.

«Ол тиісті өтінішін берді және Бас прокурор бұл өтінімді қанағаттандырды. Ол қазіргі кезде Қазақстан аумағында», - деді Марат Ахметжанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің не үшін тергеліп жатқанын айтты.

«Бас прокуратураға бір азаматтан шағым түсті. Ол шағымында өзіне қатысты тергеу барысында Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Кексельдің тарапынан түсінік беру бөлігінде тергеуге жатпайтын әдісті қолданғанын айтқан»,- деді ҚР Ішкі істер министрі Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Жоғары қарай